Облыстың мәдениет бағытына тоқталар болсақ, бұл салаға қосымша 1,6 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр:
– мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру қызметтеріне ақы төлеуге – 1,6 млрд теңге;
– тарифтеу қорытындысы бойынша жалақы төлеуге – 21,7 млн теңге;
– ҚР күніне арналған іс шараларға – 8,1 млн теңге;
– мұрағатшы күнін өткізуге – 6 млн теңге;
– басқа шығындарға – 8,3 млн теңге (Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы саяси қуғын-сүргін мұражайының электр желісін жөндеуге – 2 млн теңге, облыстық кітапханада серверді орнатуға – 2,5 млн теңге, кітап шығаруға, жанармай сатып алуға және облыстық мұрағаттың коммуналдық қызметтеріне ақы төлеуге – 3,8 млн теңге).