«Ютонг» маркалы қоғамдық көлігі жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, тұрғын үйге барып соғылған. Апат салдарынан жүргізуші мен салондағы 6 адам зардап шекті», – деді полиция департаментінің өкілі Олжас Шәріпов.
Қазіргі таңда жол апаты бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы 2 бөлігі (көлiк жүргізушілерінің жол ережесін немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша іс тіркелді. Тергеу басталды.