«Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында 1971 жылы туған Н. есімді азамат ұсталды. Ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жалғасып жатыр», – делінген ресми ақпаратта.
Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.
Айта кетейік, қанды қылмыс 8 қазан күні, сағат 23:00-де Алматыдағы Алмалы ауданында орын алды. Ауыр жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілгенімен, 12 қазанға қараған түні қайтыс болды.