Департамент «Қазгидромет» РМК-ның дауылды ескертулерін негізге ала отырып, Алматы қаласының тауларында қар көшкінінің түсу қауіпі жоғары екенін хабарлайды.
Осыған байланысты таулардың қарлы беткейлеріне шығу ұсынылмайды:
– қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.
– егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райының өзгеруін қадағалаңыз.
– егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн бұл – қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді.
– рюкзактарда мына қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер, күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram