Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында Алматы облысының Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылау тұр.
Сонымен қатар министр жұмыс сапары аясында аймақтың бірнеше фермаларына барады.
Кездесу Алматы облысы әкімдігінің алаңында сағат 14.30-да өтеді.