Бомба туралы ақпаратқа байланысты Алматыдағы №25 мектептің оқушылары эвакуацияланды
Алматыда Наурызбай батыр мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы №25 мектептің оқушылары жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаға байланысты эвакуацияланды.
«Төтенше жағдайлар қызметі ғимаратты тексеріп жатыр. Ықтимал жарылғыш құрылғыны іздестіруде. Олар саперлік бөлімшелерді қосып, эвакуациялау жұмыстарын жүргізді», – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.