Әншінің 12 минуттық туындысы адамзаттың бірлігіне арналған.
«Біз бәріміз нәсілге, ұлтқа және дінге бөлінеміз, бірақ біз бәріміз бір планетаның баласымыз және бір аспан астында өмір сүреміз. Өмір – бұл ең жоғары құндылық. Бірде-бір қасиетті кітап адамдарды жауыздыққа, соғысқа шақырмайды. Ересектердің қателігі үшін балалар зардап шекпеуі керек. Осы себепті біз дүрдараздыққа жол бермей, достаса алуымыз қажет. Адамзат пен әлемнің ертеңі мен бүгіні біздің қолымызда. Біз – бір үйдің, бір мекеннің, бір аспанның перзентіміз», – деп жазды әнші парақшасында.
24 қыркүйектен бастап әлем жұрты Димаш Құдайбергеннің бейнебаянын тамашалай алады.