Аталған мекемені өзге ведомствоға беру шешімі ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында жазылған.
Айта кетейік, бұл уақытқа дейін кәсіпорын Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында болған.
«Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің шаруашылық іс жүргізу құзыретіне берілсін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін», – деп көрсетілген құжатта.
Қаулыны ашық талқылау 9 қарашаға дейін жалғасады.