-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Елорда

Сенат Конституциялық сот туралы заң қабылдады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» ҚР Конституциялық Заңы қабылданды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Назым Текеспаева
03.11.2022
Елорда
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Бұл құжат Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыруға бағытталған.

«Конституциялық Заң жобасының мақсаттары Конституциялық Сотты құру бөлігінде Конституцияға енгізілген өзгертулерді іске асыру, мемлекеттің құқық қорғау институттарын күшейту, Негізгі заң ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Конституциялық заң жобасы 3 бөлімнен, 10 тараудан және 67 баптан тұрады. Мазмұны бойынша жобаны екі бөлімге бөлуге болады. Біріншісі – ол Конституциялық Соттың және оның судьяларының мәртебесі, олардың кепілдіктермен қамтамасыз етілуі. Ал екінші бөлім конституциялық іс жүргізу тәртібіне арналған», – деді ҚР Әділет министрі Қанат Мусин.

Конституциялық Сот еліміздің бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады және биліктің сот тармағына жатпайды, өйткені бұл мәселе Конституцияда түпкілікті шешілді. Заң жобасында Конституциялық Сот судьяларын тағайындау және олардың өкілеттіктерін тоқтату тәртібіне байланысты мәселелер егжей-тегжейлі регламенттелген.

«Атап айтқанда, олардың тәуелсіздігі мен кепілдіктері де бекітілген. Конституциялық Соттың құзыреттері Конституцияның 72-бабымен тікелей реттелген. Мәселен, оларға сайлауды өткізудің дұрыстығы мәселелерін қарау, Парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың республика Конституциясына сәйкестігін қарау, сондай-ақ Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру құзыреті жатқызылған. Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Конституциялық Сот азаматтардың өтініштері бойынша олардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты нормативтік құқықтық актілерді Конституцияға сәйкестігін қарайтын болады. Сондай-ақ, Конституциялық Сотқа жүгіну құқығы Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге берілді», – деді министр.

Құжаттың екінші бөлімінде конституциялық іс жүргізудің жалпы шарттары мен қағидаттары бекітілді. Конституциялық Сотқа жолданатын өтініштердің түрлері, олардың нысаны мен мазмұны айқындалды.

Конституциялық Соттың өтініштерді қарау тәртібі бес кезеңнен тұратын болады:

Конституциялық Сот Аппаратымен өтініштерді алдын ала қарау;

конституциялық іс жүргізуге өтінішті қабылдау;

отырысқа дайындық кезеңі;

өтінішті қарау бойынша отырыс өткізу;

соңғы кезең – өтініш бойынша түпкілікті шешім қабылдау.

Тегтер: заңсенат

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz