16 °c
Qonaev
Сенбі, Қыркүйек 23, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Елорда

Тоқаев Орталық Азиядағы қауіпсіздік жөніндегі келесі диалогты Қазақстанда өткізуді ұсынды 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі диалогты келесі жылы Қазақстанда өткізуді ұсынды.

TitleAgency
14.09.2023
Елорда
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Әлемдегі тәртіп тез өзгеріп, біздің өңірдің тұрақтылығын бұзуға талпыныстар жасалып жатқан жағдайда елдеріміздің қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдірудің маңызы арта түсті. Құрметті президенттер, аталған маңызды салада тұрақты консультациялар механизмін іске қосу жөніндегі Қазақстанның бастамасына қолдау білдіргендеріңіз үшін Сіздерге алғыс айтамын. Нақты алдын алу шараларын әзірлеу үшін қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары деңгейінде Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі диалогты келесі жылы Қазақстанда өткізуді ұсынамын», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне арнайы тоқталды.

Өңірдегі демографиялық өсімнің орнықты екенін ескерсек, білім және ғылым саласындағы байланыстарды кеңейтудің маңызы арта түседі.

«Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерімен жоғары оқу орындары арасындағы өзара ықпалдастықты белсенді түрде дамытып келеді. Былтыр Қырғызстанда Қазақстанның жоғары оқу орындарының филиалдары ашылды. Сонымен қатар Тәжікстанның жоғары оқу орындары базасында бірлескен факультеттер ашу ісі қарастырылып жатыр. Қазақстан мен Өзбекстанда екі елдің жетекші университеттерінің филиалдарын ашу көзделіп отыр. Бұл маңызды саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге біздің Душанбедегі кездесуіміз аясында 2-ші Ректорлар форумы мен Орталық Азия елдері ғалымдарының 1-ші форумын өткізу өз септігін тигізеді», – деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: мемлекет басшысы

Ұсынымдар

«URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

23.09.2023

«Басымнан тепті»: соққыға жығылған талғарлық дәрігер сол күні не болғанын айтып берді

23.09.2023

Алматы облысында мектеп автобусы батпаққа батып қалды

23.09.2023

Тоқаев Берлинде Германия басшыларымен келіссөз жүргізеді

23.09.2023

Үсік, жаңбыр, қатты жел: еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

23.09.2023

Алматы облысында 7 жасар қыз кәріз құдығына құлап, мүгедек болып қалды

23.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz