14 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Қыркүйек 25, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Елорда

Тоқаев Орталық Азияның су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын ұсынды

Мемлекет басшысы Аралды құтқару қорының 30 жылдығына арналған жиында ұйым жұысын одан ары жетілдіруге қатысты бірнеше ұсыныс айтты.

TitleAgency
15.09.2023
Елорда
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Қордың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру процесін тезірек аяқтау маңызды мәселе болып қала береді. Қордың басқармасы мен Атқарушы комитетінің өкілеттілігін және жауапкершілігін кеңейткен жөн. Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясын Мемлекетаралық су-энергетикалық комиссия ретінде қайта құруды ұсынамыз. Бұл шаралар Қордың тиімділігін арттырар еді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, аймақтағы барлық елдің ирригация, гидроэнергетика және экология салаларындағы мүдделерін ескере отырып, Орталық Азияның су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану үшін ұзақ мерзімді әрі орнықты аймақтық ынтымақтастық механизмін құру керек.

«Біздің ойымызша, Халықаралық су-энергетика концорциумы осындай механизмнің рөлін атқара алар еді. Сондай-ақ Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын есепке алатын, мониторинг жасайтын, басқаратын және бөлетін бірыңғай автоматтандырылған жүйе енгізу бойынша жұмыс жоспарын әзірлеу. Бұл бастаманың жүзеге асырылуы аймақтағы суды пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етіп, Орталық Азия елдерімен арадағы диалогты және достықты нығайтуға ықпал етеді», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қазақстан басшысы тағы бір маңызды бастаманың бірі – Орталық Азия елдерінің климат мәселелері жөніндегі жобалық кеңсесін құру екеніне тоқталды.

«Бұл қадам климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын азайту үшін пәрменді шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді. Біз Бішкектің Қорды жетілдіру жөніндегі Жұмыс тобының қызметіне атсалысуын оң бағалаймыз. Қырғыз Республикасы қайтадан Халықаралық Аралды құтқару қорының толыққанды мүшесі болады деп үміттенеміз. Келешекте біз бауырлас Қырғызстанның Қорға төрағалық етуін қуана құптаймыз», – деді ол.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаев

Ұсынымдар

Алматы облысы мен Қырғызстан арасында тауар айналымы 15%-ға өсті

25.09.2023

Алматы облысында республикалық зияткерлік ойын өтті

25.09.2023

Қонаевта жылу қашан берілетіні белгілі болды

25.09.2023

Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

25.09.2023

Америкада екінші адамға шошқаның жүрегі салынды

25.09.2023

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды

25.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz