17 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Елорда

ҰБТ тапсыру кезінде қулыққа барған талапкерлер грантты қайтарады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-да талапкердің компьютеріне онлайн қосылып, жоғары балл алуға көмектескендер мәселесіне түсінік берді.

TitleAgency
22.08.2023
Елорда
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Біз Ұлттық қауіпсіздік комитетімен өте тығыз жұмыс істейміз. Өздеріңіз білетіндей, тест тапсырмалары мен олардың мазмұны «Мемлекеттік құпия туралы» заңның объектісі саналады. Сондықтан мұнда ҰҚК тергеу жүргізеді. Биыл барлық өңірде комитеттің департаменттері тікелей бақылау жүргізді. Біздің ұлттық тестілеу орталығының өкілдерімен бірге жұмыс істеді», – деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына Үкімет отырысынан кейін.

Ведомство басшысы тексеру барысында жүздеген олқылық әшкере болғанын атап өтті. Нақты саны әлі де анықталуда.

«Соңғы мәліметке сай, 300-ден астам талапқа сәйкес келмеу фактілері анықталды. Осы жағдайлардың әрқайсысы бойынша ҰҚК және Ұлттық тестілеу орталығының өкілдерімен бірлесіп, қосымша тергеу жүргізіледі. Егер ақпарат расталса, онда балл жойылады. Егер осы уақытқа дейін талапкер грант иегері атанып үлгерсе, онда ол оны кейін қайтарады. Тиісінше, грант қайта үлестіріледі. Қыркүйек айында нақты белгілі болады. Ең жоғары балл жинаған, бірақ грант алмаған үміткерлер арасында осы гранттар қайта бөлінеді», – деп түйіндеді Саясат Нұрбек.

Тегтер: грантүкіметҰБТ

Ұсынымдар

Алматы облысында көлік қаққан қыздардың бірі Алматыға жеткізілді

26.09.2023

Ажар Ғиният қарияларға коронавирусқа қарсы егілуге кеңес берді

26.09.2023

Елімізде сібір жарасын 32 адам жұқтырған – Денсаулық сақтау министрі

26.09.2023

Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы қола жүлдегер атанды

26.09.2023

Азиада – 2023: Қазақстанның ерлер командасы нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алды

26.09.2023

Рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккені үшін салынатын айыппұл өседі

26.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz