Екі өңірдің тауар өндірушілері елордаға 459 тонна өнім әкеледі, оның ішінде:
- 84 тонна – көкөніс,
- 62 тонна – жеміс-жидек,
- 48,7 тонна – картоп,
- 41,5 тонна – ет,
- 9 тоннадан астам – сүт өнімдері,
- 8 тонна – балық,
- 500 кг бал, сондай-ақ 189 тонна өзге де өнімдер бар.
Мәселен, Жетісу облысы 54 тауар түрін, Алматы облысы 42 түрін ұсынады. Олардың арасында өсімдік майы, қант, ұн, жарма, ұлттық сусындар және басқалар бар.
Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалған.
Айта кетейік, ауылшаруашылық тауарын өндірушілер жәрмеңкеге өз өнімін делдалсыз алып келетіндіктен бағалар нарықтан 10-20% төмен .