Бұйрыққа сәйкес, енді мына оқу орындарының басшыларын Үкімет тағайындайды:
– Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшысын;
– Қазақ ұлттық өнер университетінің басшысын;
– Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының басшысын;
– Қазақ ұлттық хореография академиясының басшысын.
Айта кетейік, бұған дейін аталған оқу орындарының ректорлары Президент өкімімен тағайындалатын.
Бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 5 тамызда күшіне енеді.