«Жыл басынан бері өзенде 166 ойық ойылып, қамыс баулар орнатылды. Қамыс орнату – суда оттегінің көбеюіне әсер етеді әрі өзеннің қайтадан қатып қалуына жол бермейді. Бұл жұмысты жасауға тек инспекция ғана емес, балық шаруашылықтары да мүдделі», – деді инспекция басшысының орынбасары Ринат Кумашев.
Оның айтуынша, Іле өзенінде балық қорын сақтау – табиғи ресурстардың бірқалыпты деңгейде тұруын қамтамасыз етеді. Аталған шараға 11 техника, 19 адам жұмылдырылды.