«Кеше біз президент сайлауының алдын ала қорытындысын жарияладық. Енді барлық шешім негізінде 20 қарашада өткен президенттің кезектен тыс сайлауын қорытындылай аламыз. Жалпы 8 300 046 адам сайлауға қатысты, бұл – жалпы сайлаушылардың 69,44 пайызы», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Дауыс беру қорытындысы бойынша кандидаттар:
Қарақат Әбден – 206 206 дауыс немесе 2,6%;
Нұрлан Әуесбаев – 176 116 дауыс немесе 2,22%;
Жигули Дайрабаев – 271 641 дауыс немесе 3,42%;
Мейрам Қажыкен – 200 907 дауыс немесе 2,53%;
Қасым-Жомарт Тоқаев – 6 456 392 дауыс немесе 81,31%;
Салтанат Тұрсынбекова – 168 731 дауыс немесе 2,12% дауыс жинады.
Әбдіров осылайша Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланғанын айтты.