Тізімді қордың сайтынан көруге болады.
Білім гранттары талапкерлерге бағдарламаның мына критерийлері бойынша берілді:
– ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан – 197 талапкер немесе 24,1%;
– жетім немесе кәмелетке толғанға дейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар – 177 талапкер немесе 21,6%;
– мүгедектігі бар – 181 талапкер немесе 22,1%;
– мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан – 261 талапкер немесе 31,8%;
– 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған ҚР азаматтарының балалары – 2 талапкер;
– 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде жараланған балалар – 1 талапкер.