«Сөз «Ордабасы», «Сауран», «Сарайшық» және «Есік» визит-орталықтарының құрылысын аяқтау туралы болып отыр. Орталықтар заманауи стандарт бойынша салынады. Ол азаматтардың демалысын ұйымдастыруға арналған, саяхат жасайтын іргелі орындарға айналмақ», – деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, Астанада «Бозоқ» Ұлттық паркін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Алматыда Орталық мемлекеттік мұрағат жанынан мұрағат қоймасын салу – алдымызға қойылған тағы бір маңызды міндет болып отыр. Орталық мемлекеттік мұрағаттар қоймасын кеңейту – бұл тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мен бай құндылықтарымызды қастерлеу», – деді Асхат Оралов.