Үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралында сервисті жауып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды alataunews.kz «Қазтелерадио» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Осыған байланысты, 2023 жылғы 21 cәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргіземіз», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.