14 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Қыркүйек 25, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Автобустағы әкім: рас па?

Талдықорған қаласының әкімдігі әлеуметтік желіде тарап кеткен Әсет Масабаевтың автобуста отырған суретін растады.

Айжан Умбеткали
21.06.2022
Қоғам
@taldycorganec.insta

@taldycorganec.insta

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Талдықорған қаласының тұрғындары әкім Әсет Масабаевқа қала көлігінің саяжай алаптарына қатынауының қолайсыздығына шағымданды, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, 227-4 және 227-8 бағыттарының интервалына қатысты шағымдар түскен. Азаматтардың айтуынша, бұл бағытта автобустар өте аз жүреді. Тұрғындарды тыңдап болған соң, әкім қоғамдық көліктің сапасын тексеруге шыққан. Қала басшысы ыңғайлы киім киіп, аталған бағыттар бойынша саяжай тұрғындарымен бірге жүріп өтіпті.

«Бұл суретте Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев бейнеленген. Еңбек ауылының, «Жастар-2» және «Ынтымақ» алаптарының тұрғындарымен кездесуден кейін әкімге қоғамдық көлік туралы көптеген шағымдар келіп түсті. Осыдан кейін қала әкімі ешкімге ескертпей аталған бағыттарды аралап шықты», – деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.

Айта кетейік, қоғамдық көлікте отырған әкімнің суреті әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.  Қала тұрғындары фотодағы ер адам әкімге ұқсайтындығын айтты. Баспасөз хатшысы Мәди Шакеновтың айтуынша, Әсет Масабаев қоғамдық көлікпен тасымалдау сапасын тексеру мақсатында мұндай құпия рейдтерге жиі шығатын көрінеді.

Тегтер: Жетісу облысыТалдықорған
Please login to join discussion

Ұсынымдар

Алматы облысы мен Қырғызстан арасында тауар айналымы 15%-ға өсті

25.09.2023

Алматы облысында республикалық зияткерлік ойын өтті

25.09.2023

Қонаевта жылу қашан берілетіні белгілі болды

25.09.2023

Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

25.09.2023

Америкада екінші адамға шошқаның жүрегі салынды

25.09.2023

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды

25.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz