0 °c
Qonaev
Жексенбі, Ақпан 5, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қылмысы сотта дәлелденген қаржы пирамидаларына қайта қаражат тарту көбейіп барады

Қазақстанда қылмыстық әрекеті сотта дәлелденген қаржы пирамидаларына қайта қаражат тарту жағдайлары жиілеп барады, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Ғалия Мұхамбетқызы
05.12.2022
Қоғам
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Қазақстанда қылмыстық әрекеті сотта дәлелденген қаржы пирамидаларына қайта қаражат тарту жағдайлары көбейіп барады. Оларды бұрынғы жалған инвестициялық қызметтің ойдан шығарылған тұрақтылығын көрсетіп, танымал атауларды, ақша тартудың бірдей әдістерін қолданатын арам пиғылды адамдар ашады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі «LV Force», «World Business Consulting», «The Finico», «Caspian Crocus», «B2B Jewelry», «ПК Елімай-2019», «Мебельный проект Нур», «Лидер», «Лидер капитал-168», «Нарымбетова», «Hermes -LTD» және т.б. сияқты қаржылық пирамидалардың қызметіне тосқауыл қойған болатын.

Олар қарапайым мессенджерлерден бастап білім беру курстары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға дейін әртүрлі қызмет түрлерін ұсынып, азаматтардан ақша алудың қылмыстық схемаларын жүзеге асырған.

«Компаниялар қаржы пирамидасы болып, халық жинаған қаражатынан айырылып жатқанына қарамастан, кейбір азаматтар қылмыскерлердің жарнамасына ілініп, ақшаларын салу жалғасып жатыр. Осыған байланысты Қаржылық мониторинг агенттігі профилактикалық жұмыстарға баса назар аударып, оқушылар мен студенттер арасында қаржылық қауіпсіздік және сауат ашу сабақтарын өткізіп, қаржылық пирамида белгілері бар сайттар мен аккаунттарды анықтау үшін заманауи технологияларды қолданып жатыр. Азаматтарды қырағы болуға, жинақтарын күмәнді қаржылық компанияларға салмауға шақырамыз! Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне дереу хабарлауыңызды сұраймыз», – деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі

Тегтер: қаржықылмыспирамида

Ұсынымдар

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023

Алматы облысында тапшы мамандардың тізімі жасалуы керек – министр Саясат Нұрбек

04.02.2023

Алматы облысының хирургтары ер адамның асқазанынан қасық алып шықты

04.02.2023

Қызылту ауылында бір топ барымташылар ұсталды

04.02.2023

Қапшағайда балықтарға оттегі баруы үшін 100-ге жуық ойық ойылды

04.02.2023

Жетісу облысының бірнеше сот ғимаратына бомба қойылды – фейк

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz