14 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Қыркүйек 25, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Таразда бюджеттен 115 млн теңге жымқырған шенеунік сотталды

Тараз әкімдігінің коммуналдық қызмет басқармасының бұрынғы басшысы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Оған көмектескен кәсіпкер де жазаға тартылды.

TitleAgency
13.09.2023
Қоғам
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Прокуратурада жүргізілген тексеру барысында Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы Т. мен «KazinCapital» ЖШС басшысы Ш.-ның бюджет қаражатын ұрлау дерегі анықталды.

Тараз прокуратурасының мәліметінше, ұрлық фактісі 24 млн теңгеге контейнерлік платформаларды орнату кезінде болған.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі «Қылмыстық топтың бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін аса ірі мөлшерде иеленіп алуы немесе жымқыруы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті жүргізді.

«Тергеу барысында басқа да ауыр мән-жайлар анықталды. Сондай-ақ көшелерді жарықтандыру және бейнекамераларды орнату кезінде 91 млн теңгенің бюджет қаржысын ұрлау фактілері де анықталды. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 115 млн теңгені құрады», – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Қалалық №2 соты Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т. мен кәсіпкерді 8 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: қылмыстық ісТаразШенеунік

Ұсынымдар

Алматы облысы мен Қырғызстан арасында тауар айналымы 15%-ға өсті

25.09.2023

Алматы облысында республикалық зияткерлік ойын өтті

25.09.2023

Қонаевта жылу қашан берілетіні белгілі болды

25.09.2023

Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

25.09.2023

Америкада екінші адамға шошқаның жүрегі салынды

25.09.2023

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды

25.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz