Кездесу соңына дейін ұтылып жатқан Ризабек санаулы секундтарда қарсыласына әдіс жасап, жеңіске жетті.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан – биыл еліміздің ғана емес, әлемдік күрес мамандарының жоғары бағасын алған боз кілем шебері. Ол жылдың басында Алматыда өткен күрестен ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасында чемпион атанды. Осыдан кейін көктемде Астанада өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Амман қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 2-орын алды.
Сонымен қатар, еркін күрестен егемендік жылдары қазақстандық балуандар әлем чемпионатында 16 жүлдеге қол жеткізген. Оның бесеуі – күміс, қалғаны қола алды. Ризабекке дейін дүниежүзі додасының финалында Нұрқожа Қайпанов күрескен (70 кг, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы).
92 кг дейінгі салмақ Олимпиада бағдарламасына кірмейді.