Компания таратқан хабарламада айтылғандай, биогаз энергетикасы Ресейде нашар дамыған, алайда компания алғашқы 5 нысанды іске қоспақ. Оның ішінде Алматы облысы да бар.
«Алматы облысында серіктестікке тиімді болатын көптеген ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бар. Сонымен қатар Қазақстанда жаңартылатын энергия заңнамасы жақсы пысықталған және жасыл энергия жобаларының әлеуеті зор. Жергілікті тұрғындардың жасыл энергетикаға көзқарасы жаман емес», – деді компания сервисінің бас сарапшысы Георгий Апканеев.
Қазақстанда органикалық қалдықтардан электр энергиясын өндіру жөніндегі жобалар Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында іске асырылған. Бұған дейін Ақмола облысында электр энергиясын өндіретін биогаз зауытын салу жоспарлары туралы хабарланған болатын, алайда, өткен жылдың қазан айында жоба жүзеге аспайтыны жөнінде шешім шығарылды.