7 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Сайлау-2023

«AMANAT»: Алматы облысында 25 мәдениет үйі мен ауылдық клуб ашылады

Алматы облысында 100-ден аса мәдениет үйі мен клубтар бар. Дегенмен олардың 25 бүгінде апатты жағдайда тұр. Сала мамандарының мәліметінше, 22 ауылда мәдени нысандары жоқ.

Айдана Дайырова
16.03.2023
Сайлау-2023
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Осындай өзекті мәселелерді шешуге «AMANAT» партиясы білек сыбана кірісіп отыр. Себебі партияның мақсаты – өңірдің әлеуетін арттыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Міне, осындай өрелі әңгіме партияның Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Бекзат Мырзахмет, Әсел Төлепбергенова Талғар ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде сөз болды.

Кандидаттардың айтуынша, өңірде 25 мәдениет үйі мен ауылдық клуб ашылмақ. Қатарында Талғар ауданы да бар.

«Талғар ауданы Жаңалық ауылы мен бірге 6 ауданда жаңа мәдени нысандары бой көтереді. 27 мекемеге сапалы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл тізімде Талғар ауданындағы Қызылқайрат, Үлкен Ақсу, Ават, Тасқарасу, Тигермен ауылдары бар. «Ұлттық мұра» жобасы шеңберінде қазақ мәдениеті мен өнерін жүйелі негізде қолдауға бағытталған 1,2 мыңнан астам іс-шара өткізіледі», − деді жиында сөз алған Әсел Төлепбергенова.

Мәдениет үйінде өткен кездесуге 50-ге тарта аудан тұрғыны қатысты. Оларға сайлауалды бағдарламаның барлық бағыты түсіндірілді. Бастысы партияның 2027 жылға дейін жоспары ел мүддесі үшін құрылғанын атап өтті. Өз кезегінде жиылғандар бұл бастамаларға көңілге сенім ұялатынын жеткізіп, сайлау күні дауыс беретіндерін баса айтты.

Тегтер: AMANATАлматы облысы

Ұсынымдар

Мереке күндері 20 мыңға жуық полицей азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

22.03.2023

Мемлекет басшысының атына Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

22.03.2023
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

22.03.2023
Фото: Alataunews.kz

Қонаев қаласында Наурыз мерекесін атап өту ағаш егуден басталды

22.03.2023

Ауғанстандағы жер сілкінісі Тараз бен Шымкентке сезілді

21.03.2023
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Nomad Stunts тобының өнерін тамашалады

21.03.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz