«Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатқа сай, енді облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздар үшін берілетін төлем:
– бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 35 000 теңгеден көп емес;
– екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздаp үшін – 43 750 теңгеден көп емес.
Ал, тиісті облыс, аудандық маңызы бар қала ауданының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздар үшін берілетін төлем:
– бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 43 750 теңгеден көп емес;
– екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 52 500 теңгеден көп емес.
Бұйрық 12 сәуірге дейін көпшіліктің талқылауында болады.