Талғар су тартқыштары 1960 жылдары пайдалануға берілген. Апаттық жағдай салдарынан жеке үйдің аумағын су басты. Қазір суды өзенге бұру жүзеге асырылды. Авариялық қызметтер абоненттерді авариядан басқа су таратқыштарға ауыстыру жолымен сумен жабдықтау схемасын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде суды өшіру аймағы барынша қысқартылды.
Төтенше жағдай жойылғанға дейін 21 қыркүйекте сағат 08:45-тен бастап ғимараттар мен тұрғын үйлерге су беру тоқтатылды. Авариялық жағдайды жою және сумен жабдықтау схемасын өзгерту үшін 4 авариялық бригада, бір экскаватор, 2 самосвал, 4 авариялық автокөлік жұмылдырылды.
Осы су таратқыштар арқылы Алатау, Жетісу және Түрксіб аудандарының тұрғын үй және әкімшілік құрылыстарын сумен жабдықтау, сондай-ақ ЖЭО-1 және ЖЭО-2 су беру қамтамасыз етіледі. Талғар су тартқыштары арқылы берілетін судың жылдық көлемі Алматыны сумен жабдықтаудың барлық көлемінің 25-27% құрайды.