«2023 жылы 11 қыркүйекте сағат 12:55-те «Жер – 2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесіне облыстық тексеру жүргізіледі. Халықты төтенше жағдайдан қорғау жөніндегі басты іс-шаралардың бірі оны уақтылы хабардар етіп, табиғи және техногендік сипаттағы қандай да бір қауіпті факторлардың туындауы немесе туындау қаупі туралы хабардар ету», – деп хабарлады облыстың ТЖД тұрғындарға.
ТЖД ақпаратына сәйкес, тексеру барысында теле және радиохабарлар жұмысын тоқтатып, электр сиреналары мен сирень-сөйлеу қондырғылары қосылады.
Осыған байланысты тұрғындардан үрейленбей, түсіністікпен қарауы сұралды.