Аталған сайлау пунктінде 1800 адам тіркелген. Сағат 08:00-гі жағдай бойынша 5 адам дауыс берген. Сайлау учаскесінің төрайымының айтуынша, дауыс беру белсенділігі сағат 10:00-ден кейін арта түседі.
Жалпы, сайлау учаскесі бақылаушылардың жіті назарында.
«Мен бақылау жасайтын 276-шы сайлау учаскесінде барлығы ережеге сәйкес жүргізілуде. Дауыс беру кабиналарыда талапқа сай жасақталған. Негізі, бақылаушының міндеті – сайлау кезіндегі тәртіпті бақылау», – дейді бақылаушы Ақмарал Шатемірқызы.