Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығару барысында мәлімдеді.
Марат Сұлтанғазиев аудан әкімдерінің жұмысын бағалаудың жаңа әдістемесі туралы айтып берді.
«Менің тапсырмам бойынша аудандар мен қалалар әкімдерінің жұмысын бағалау үшін 61 көрсеткіштен тұратын рейтинг дайындалды, оның ішінде қазір 42 көрсеткішті бағалауға болады, ал қалғандары бойынша жұмыс 9 ай мен жылдың қорытындысы бойынша жалғасады», — деді облыс әкімі.
Бірінші рейтинг нәтижесі бойынша Іле, Ұйғыр аудандары мен Қонаев қаласы көш бастап тұр.
Райымбек, Балқаш және Жамбыл аудандары көштен қалды.
Марат Сұлтанғазиев әкімдерге өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының белгіленген көрсеткіштерін жақсарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.