-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Антикор ҚТЖ жұмысында көптеген сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтады

"Қазақстан темір жолы", "Атамекен" ҰКП өкілдерінің, қоғамдық кеңес мүшелерінің және жүк жөнелтушілердің қатысуымен өткен кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚТЖ қызметінде анықталған жемқорлық тәуекелдері туралы айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғалия Мұхамбетқызы
06.10.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Олар вагондарды беру кезіндегі әкімшілік кедергілермен және жемқорлық схемаларымен, тиісті цифрландырудың болмауымен, теміржолшылардың кәсіпкерлермен тікелей байланысымен, қағаз нысанда өтінімдер берумен және т.б. байланысты болған.

Анықталған жемқорлық тәуекелдері қылмыстық статистикамен расталады.

«Мәселен, соңғы 5 жылда ҚТЖ лауазымды тұлғалары мен оның ведомстволық бағынышты ұйымдарына қатысты 136 қылмыстық іс тіркелген. Ол бойынша 52 адам сотталды. Бұл саладағы қылмыстардың көпшілігі парақорлық (70%) және ұрлық (13%) фактілеріне байланысты. Негізінен қылмыстар орындалған жұмыстар актілеріне қол қою кезінде заңсыз сыйақылар алумен, жұмысқа қабылдаумен және қызмет бойынша ауысумен, сондай-ақ жүктерді тасымалдау үшін вагондар мен тепловоздарды жеделдетіп және кедергісіз берумен байланысты», – деп хабарлайды Антикор.

Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов өз сөзінде жүргізілген талдауға сәйкес ҚТЖ жекелеген бөлімшелерінде вагондармен айла-шарғы жасау бойынша жемқорлық схемалары құрылғанын атап өтті. Жасанды кедергілер мен оларды бөлудің жасырын процедурасына байланысты кәсіпкерлер өз мәселелерін ақша үшін бейресми түрде шешуге мәжбүр.

«Іс жүзінде пара берген адам өз жүктерін уақтылы жібереді. Бұл проблемалардың барлығы кәсіпкерлердің дәлелдерімен ғана емес, қылмыстық істердің нақты материалдарымен де расталады. Жақында ғана Қостанай облысы бойынша ҚТЖ бөлімшесінің басшылары сотталды, олар заңсыз сыйақылар үшін вагондар беру жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған», – деп атап өтті Дмитрий Малахов.

Ведомствоның мәліметінше, мәселен, «Қазтеміртранс» Қостанай филиалының бұрынғы басшысы Усабековке қатысты қылмыстық іс бойынша оған вагондарды беру немесе бас тарту мәселесін өз бетінше шешуге мүмкіндік берген жасырын процестер анықталды.

«Усабеков лоббизм жасаған кәсіпкерлер тәулік бойы өз вагондарын тапшылық кезеңінде де алды, ал басқалары өз кезегін бірнеше апта күтуге мәжбүр болды. Б.Усабеков жасаған қылмыстары үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, ал пара беруші фирмаға 24 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», – деді Антикор.

Кеңес қорытындысы бойынша Малахов айтылған ұсынымдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қатаң бақылауында болатынын атап өтіп, ҚТЖ-ны осы мәселелерді дереу шешуге шақырды.

Тегтер: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Ұсынымдар

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz