17 °c
Qonaev
Жексенбі, Қыркүйек 24, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Арыста пандемияға бөлінген қаржыны жымқырған 6 шенеунік сотталды

Оларға пандемия кезіндегі төтенше жағдай мен шектеу шараларына байланысты азық-түлік пен тұрмыстық қажеттілікке бөлінген қаражатты жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айжан Умбеткали
26.07.2022
Жаңалық, Қоғам
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Түркістан облысы, Арыс қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің алты қызметкері сотталды.

Арыс аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, айыпталған алтаудың қатарында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы мен оның орынбасары, көмек секторының бас маманы мен есепшісі және оның екі көмекшісі бар. Олар тұрмысы төмен тұрғындарға бөлінген 120 млн теңгені талан-таражға салғаны үшін сотталды. Сот отырысында шенеуніктердің пандемия кезінде 29 азаматқа көмек ретінде бөлінген 2 900 400 теңгені заңсыз аударып алғаны анықталған.

«Көбінше өздерінің туыстары мен таныстарынан тұратын Арыс қаласының 138 азаматына ақшаларды негізсіз, заңсыз аударғаны анықталған. Мемлекетке жалпы сомасы 123 493 688 теңге материалдық залал келтірген», – делінген соттың хабарламасында.

Сот үкіміне сәйкес бөлім басшысы мен оның орынбасарына Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы «Аса ірі мөлшердегі сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбек етуге тыйым салынды. Сондай-ақ, бөлімнің бас маманы үш бап бойынша кінәлі деп танылды. Ал, есепшінің көмекшісі 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 28-бабы 5-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігінің 2,4-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Сонымен бірге, іс бойынша азаматтық талап қою арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталушылардан мемлекет пайдасына ортақ тәртіппен жалпы сомасы 113 788 348 теңге (қалған сомалар төленіп қайтарылған) келтірілген залал мен осының 3 пайызы көлемінде мемлекеттік баж өндірілді», – делінген хабарламада.

Десе де есепшінің көмекшісі қызметін атқарған айыпталушы Қылмыстық кодекстің 74-бабы 1-бөлігіне сәйкес, яғни жүкті немесе жас балалары болуына байланысты жазасын тек 5 жылдан кейін өтейтін болды. Ал, оған дейін пробациялық есепте тұрады. Сонымен қатар, есепшінің тағы бір көмекшісі мен бөлімнің көмек секторының бас маманы да Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылды. Оның біріне 7, біреуіне 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар да жазасын бес жылдан кейін өтейтін болды. Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы, орынбасары және есепші жазаларын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: қылмыстық іссот үкімі

Ұсынымдар

«URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

23.09.2023

«Басымнан тепті»: соққыға жығылған талғарлық дәрігер сол күні не болғанын айтып берді

23.09.2023

Алматы облысында мектеп автобусы батпаққа батып қалды

23.09.2023

Тоқаев Берлинде Германия басшыларымен келіссөз жүргізеді

23.09.2023

Үсік, жаңбыр, қатты жел: еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

23.09.2023

Алматы облысында 7 жасар қыз кәріз құдығына құлап, мүгедек болып қалды

23.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz