«Оны бүкіл ауыл таниды. Мансабын асабалықтан бастаған, кейін әкімдікке ауысты. Болашағы зор жас жігіт еді, өкінішті», – дейді марқұмның ауылдастары.
Бұл ақпаратты Құрманғазы әкімдігі де растады.
Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ерлі-зайыптылар ажырасу процесінде болған. Әлеуметтік желілерде ер адам алдымен әйелін тұншықтырды деп жазады, содан кейін ол өзіне қол жұмсаған.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ТЖД қызметкерлері құлыпталған пәтерден 1991 жылы туған ер адамның және 1992 жылы туған әйелдің денесін тапқанын хабарлаған едік.