«Соңғы сәтке дейін жекпе-жегім туралы ешқандай түсініктеме берген жоқпын, себебі қарсыласым кім болатыны белгісіз болды. Олар жекпе-жекті жоспарлаған еді, мен де рингке шығуға дайын едім. Алайда АҚШ-та шамамен 20 күн болуға мәжбүр болдым. Ұзақ жолдан кейінгі уақыт айырмашылығына бейімделу және қалпына келу үшін жекпе-жекті кейінге қалдырған дұрыс деп шештім», – деп жазды Елеусінов Instagramпарақшасында.