-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Премьер-Министр: елімізде 800 мың орындық мектептер салынады

Бұл туралы primeminister.kz ресми сайтында ақпарат тарады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Ғалия Мұхамбетқызы
03.10.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Бүгін Үкімет үйінде өткен кеңес барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөнінде тапсырма берді.

Жиында Премьер-Министр Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының негізгі тәсілдерін мақұлдағанын, оның шеңберінде 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланғанын еске салды.

«Ұлттық жобаны іске асыруға жедел кірісуіміз керек. Алайда бүгінде өңірлердегі 143 мектептің жер учаскелерін анықтау бойынша мәселелер шешілмеген. Бұл жұмысты барынша тездету қажет: қазан айының соңына дейін құрылысы 2023 жылға жоспарланған, ал жыл соңына дейін 2024 жылға жоспарланған мектептер бойынша мәселені шешу керек», – деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол оқу процесін цифрландыруды тездету қажеттігін атап өтті.

«Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіруді жеделдету және балаларды ауыр сөмкелерден арылту қажет. Сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп, оқушыларды планшеттермен қамтамасыз ету мәселесін шешуді қолға алу керек. Атап айтқанда, «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, ауылдық мектептердің балалары үшін планшет сатып алу мүмкіндігін пысықтау керек», – деді Әлихан Смайылов.

Кеңес соңында ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс операторларымен бірлесіп, еліміздің барлық мектептерін сапалы, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz