«16 қыркүйекте сағат 10:11-де спутник бойынша телерадио хабарларын тарату қалпына келтірілді. «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ аталған жүйенің қызметін қалпына келтіру үшін таңертеңге дейін жұмыс істеді», – делінген ведомство мәліметінде.
Атап айтқанда, дәл қазір басқа да байланыс қызметтерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ KazSat-3 ғарыш аппаратындағы осы ақаудың болуы себебін анықтау іс-шаралары атқарылады.