Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 23 судья қызметінен босатылған. Соның ішінде:
- 9 судья – отставкаға кетуіне байланысты;
- 6 судья – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты;
2 судья – қайтыс болуына байланысты; - 2 судья – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судьяны қызметтен босату қажет екені туралы сот жюриінің шешімі бойынша;
- 1 судья – өз өтініші бойынша;
- 1 судья – басқа жұмысқа ауысуына байланысты;
- 1 судья – зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;
- 1 судья – судьяның кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шешімі бойынша.