Сан-Антонио полициясы берген мәлімет бойынша, үш адам қамауға алынды.
Қайғылы оқиға дүйсенбі күні Сан-Антонионың оңтүстік-батысындағы теміржол жолдарының жанында болған. Шенеуніктердің айтуынша, бұл жерде жұмыс істейтін біреу көмек сұрап айқайлаған және ол бір адамның өлі денесін байқаған.
«Біз жүк көлігін ашып, үйілген денені көреміз деп ойламадық», — деді Худ.
Тірі қалғандардың аптап ыстықтан қатты зардап шеккені белгілі болды. Ал, жүргізушісі тастап кеткен көлікте желдеткіш жұмыс істемеген және ауызсу де бермеген.
Қаза тапқандардың екеуі – гватемалалықтар, қалғандарының азаматтығы белгісіз.
Сан-Антони АҚШ-Мексика шекарасынан 250 шақырым жерде орналасқан. Адам саудагерлерінің негізгі транзиттік жол осы қала арқылы өтеді.
Қылмыстық топтар құжаты жоқ мигранттарды Құрама штаттарға тасымалдау үшін жүк машиналарын жиі қолданады.
Оқиғаға байланысты үш адам қамауға алынып, қазір олар тергеліп жатыр.