-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Жұмыссыз қалғандар енді жарты жыл еңбекақысының 45 пайызын алып отырады

2023 жылдан бастап жұмыссыз қалған азамат 6 ай бойы бұрынғы табысының 45 пайызын алып отырады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

Ғалия Мұхамбетқызы
27.12.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Әлеуметтік кодекстің төртінші жаңалығы әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйелеріне қатысты. Қазіргі жүйе әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрін сақтандырады. Бұл – халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сай келетін жүйе. Сондықтан, ол сақталады. Дегенмен, мақсаты өзгереді. Жүйе әлеуметтік төлем төлеуге ғана бағытталмай, ең алдымен формалды форматта жұмыс істеуге ынталандыруды көздейді», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр бұл мақсатты орындау үшін, ең алдымен шағын бизнестегі жалдамалы қызметкерлер, платформаның көмегімен жұмыс істеп жүрген азаматтарға қатысты салықтық жүктемелерді төмендету қарастырылатынын айтты. Екіншіден, әлеуметтік жарналарын уақтылы аударып отырған жұмыскерлерге сақтандыру қорларынан әлеуметтік төлемдер мөлшері кезең-кезеңімен ұлғайтылады.

«Келер жылдан бастап жұмыссыз қалған азаматтарға жарналарын төлеген уақытына сәйкес, 6 айға дейін бұрынғы табысының 45 пайызын төлеу қарастырылып отыр», – деді ол.

Тегтер: еңбекақыТамара Дүйсенова

Ұсынымдар

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023

Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы ағаштардың заңсыз кесілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

01.02.2023

Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

01.02.2023

Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан жүргізуші қаза тапты

01.02.2023
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қонаевта есірткі синдикатының ұйымдастырушылары ұсталды

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz