Жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кенешевтың сөзінше облыста NEET санатындағы 32 мыңға жуық жас бар. Олардың басым бөлігі оқудан босатылғандар мен тұрақты жұмыс таба алмай жүрген жастар.
Жас буынның әлеуметтік деңгейін көтеру мақсатында қазіргі таңда бірнеше жобалар жүзеге асырылуыда.Мәселен, сауда және базар орталықтарында жалдамалы жұмыс атқаратын жастарға арнап «TULGA BOL»,бұдан бөлек жұмыссыз жастарға арналған «Zhas Project» жобасы іске асырылатын болады.
«ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Zhas Project жобасы бастау алады. Жоба жастарды қолдауға және дамытуға, олардың кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған», – деді брифингте Мақсат Кенешев
Аталған жобаға қатысуға 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз ретінде тіркелген жеке тұлғалар өтініш бере алады. Идеясы тың деп танылған жоба иегеріне кемінде 4 ай жұмыс істеуге 1 млн теңгеге дейін грант табыс етіледі. Жобаға жауаптылардың сөзінше, шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау 25 наурызбен 24 сәуір аралығында қазан аралығында жүргізіледі. Конкурстық өтінімдер 25 сәуір мен 14 мамыр аралығында іріктеліп, жоба жеңімпаздары 15 мамыр анықталады.
Әлеуметтік проекттың негізгі мақсаты жастар бастамаларын қолдаумен қатар, өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешу екенін спикерлер айрықша атап өтті. Сондай-ақ, жоба бойынша арнайы сайт әзірленген. Мұннан кез келген үміткер конкурс туралы ақпаратқа қол жеткізе алады. Бұдан бөлек,обаға қатысуға өтініш беру бойынша толық нұсқаулық бар.
«Бұл жобаға бірқатар талаптар қойылады. Қатысушылар міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Өтінім берген кезде Алматы облысында тұрақты тұру немесе уақытша тіркеуде болу қажет. Әлеуметтік жобаны тапсыру кезінде өтініш беруші тарапынан шектеулер бар. Ол бір ғимаратты немесе үй-жайды сатып алуда, қаржы қаражатын алу мақсатында ақылы қызметтер көрсету саласында қолдау таппайды. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе сатып алу сияқты бағыттардағы жобаларға қолдау көрсетілмейді», – деп қорытындылады Балжан Досалы