Жасанды интеллект арқылы қазақ тілінен және қазақ тіліне аударма жасалады. Акустикалық талдаудың көмегімен жасанды интеллект Паркинсон ауруын, психикалық бұзылыстарды, тіпті кейбір жүрек қан-тамыры сияқты бірқатар неврологиялық дерттердің де даму ықтималдығын дауыспен-ақ анықтай алады.
Құрылтайшылардың айтуы бойынша мұндай робаттар қаржы мен уақыт үнемдеуде де мол септігін тигізбек әрі нарықтағы дәстүрлі аудармаға қарағанда жұмысы жиырма процентке арзан. Бірақ жоба мақсаты – қаражатта ғана емес, мақсат – ұлттық тілдерді дәріптеу, дейді Vidby құрылтайшылары.
«Бұл жасанды интеллект арқылы кез келген бейнені 67 тілге және 60 диалектіге аударуға мүмкіндік жасалған. Жақсы жаңалықтың бірі сол – енді материалды қазақ тілінен де, қазақ тіліне де аударуға болады. Біз ірі компаниямыз және жеке тұлғалармен жұмыс жасаймыз. Жасанды интеллект бейне жазбаның жүзден 99 процент дәл аудармасын сол мезетте ұсынады әрі аударма даусы қазақы қоңыр мақамда», – деді Украина өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының вице-президенті, жоба құрылтайшысы Денис Красников.