Жалпы өңірдегі денешынықтыру және спорт саласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетіне қосымша 1 млрд. теңге бөлінбек. Оның ішінде:
– мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру қызметтерін төлеуге – 782 млн теңге;
– «Жетісу» футбол клубына – 105 млн. теңге;
– «Жігер» Олимпиада ойындары бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне спорттық іс-шараларын өткізуге – 48,9 млн. теңге;
– ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясын ұстауға және ағымдағы шығыстарына – 35,3 млн. теңге;
– «Хан тәңірі – 2022» жыл қорытындысы бойынша спортшыларға ақшалай сыйақыға – 30 млн. теңге;
– тарифтеу қорытындысы бойынша спорт мекемелерінің жалақысын төлеуге – 6,7 млн. теңге.