11 °c
Qonaev
Вторник, 6 мая, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Жаңалық

Премьер-министр Семейдегі апатты ЖЭО инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын тексерді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында Семей қаласындағы апатты ЖЭО жаңғырту барысын бақылап, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін және жылу беру кезеңіне дайындығын тексерді, деп хабарлайды alataunews.kz.

by Қорлан Нұрланқызы
26.07.2024
in Жаңалық, Қоғам

Премьер-Министрге энергетика саласын және жалпы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жоспары мен қазіргі жағдайы туралы баяндалды. Абай облысы «қызыл аймақтағы» өңірлердің қатарына кіреді. Облыс бойынша жылу желілерінің тозу деңгейі 64,2%-ға жетеді. Бүгінгі таңда 28 жоба іске асыру сатысында. 37,9 шақырым желі мен 17 жылу көзін салу, реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға 10,9 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков осы жылдың қорытындысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде коммуникациялар тозуының 57,7%-ға дейін төмендеуі күтіліп отырғанын айтты.

Олжас Бектенов ЖЭО-1-де жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысты. Атап айтқанда, су жылыту қазандығы мен сорғы тобының төртінші қазандығы жаңғыртылды. 90 жылдық тарихы бар жылу көзі «қызыл аймақтағы» объектілердің тізіміне енгізілген, және қаладағы ең ірісі болып саналады.

ЖЭО-1 «Теплокоммунэнерго» МКК құрамына кіреді. Сондай-ақ кәсіпорынға 70 мыңнан астам абонентті жылумен қамтамасыз ететін 76 жылу пункті мен 21 қазандық кіреді. Белсенді тұрғын үй құрылысын және қолданыстағы жылу желілерінің жоғары тозу деңгейін ескере отырып, жылу және электр қуатының тапшылығы байқалады.

Қазіргі таңда Семей қаласының сол және оң жағалаулары автономды түрде жылумен жабдықталған. ЖЭО-1 сол жағалау тұрғындарын жылумен қамтамасыз етеді, оң жағалауда бұл функцияны 21 қазандық атқарады.

Үкімет басшысы ЖЭО-3 және оның магистральдық желілерін салу жобасының іске асырыла бастағанын еске салды. Жобаны 2030 жылға дейін 3 кезеңде іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңда техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. ЖЭО-3 пайдалануға берілгеннен кейін қазандықтар сорғы-сүзгі стансалары режимінде жұмыс істейтін болады, яғни жылу энергиясын тікелей үйлерге жеткізеді. Сонымен қатар бүгінгі таңда оң жағалауда сағатына 146,99 Гкал құрайтын тапшылық мәселесі шешілмек.

Биыл 44 көппәтерлі тұрғын үйді, 1200 орынға арналған мектепті және нефрологиялық орталықты пайдалануға беру жоспарланып отырған Қарағайлы ауданының қарқынды құрылысын ескере отырып, Премьер-Министрге қуаты сағатына 21,5 Гкал құрайтын блокты-модульді қазандық салу жобасы таныстырылды. Құны шамамен 5,9 млрд теңге болатын энергетика объектісін салу жұмыстары құрылыс салушының қаражаты есебінен басталды.

«Абай облысында, оның ішінде Семей қаласында жылумен жабдықтау мәселесі өте күрделі екені белгілі. Инженерлік желілердің тозуы мен жергілікті ЖЭО жағдайы бойынша өңір «қызыл аймаққа» жатады. Осы жылдың соңына дейін жылу көздерін сапалы жаңғырту жұмыстарын жүргізу – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Бұл мәселе Үкіметтің ерекше бақылауында», — деді Олжас Бектенов.

Жылу желілерін жаңғырту, апаттық жағдайлардың алдын алу, тозуды азайту және инфрақұрылымның эксплуатациялық сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берілді. Энергетика, Қаржы министрлігіне ЖЭО-3 магистральдық желілері құрылысын қаржыландыру тетігін пысықтау тапсырылды.

Tags: үкімет

Ұсынымдар

Ұлттық банк «Ұлы Жеңіс. 80 жыл» атты естелік монеталарын шығарады

06.05.2025

Қазақстанда кімдерге несие берілмейді: Сенатта жаңа шектеулер түсіндірілді

06.05.2025
Фото: sport.ru/

Футбол – көш басында: Қазақстанда 2024 жылы ең танымал спорт түрлері анықталды

06.05.2025
Фото: ТЖМ

Су тасқынын ғарыштан бақылайтын жаңа цифрлық сервис іске қосылды

06.05.2025

Тоқаев пен То Лам шағын құрамда келіссөз жүргізді

06.05.2025

Әлем мойындаған ЛОР-хирург Алматы облысында шеберлік сабағын өткізді

05.05.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Арнайы жоба
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz