«Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен кәсіпкерлер 100 млн теңге көлемінде материалдық залалдың орнын толтыра алмай жүрген. Олар Антикор мен «Атамекен» ҰКП-на өтініш жазды», — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкерлер шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды анықтау жөніндегі өңірлік комиссияға жүгініп, өтінімдері қабылданды.
«Нәтижесінде мүдделі тараптармен кездесу ұйымдастырылып, кәсіпкерлердің шығыны толықтай өтелді. Және олардың заңды құқықтары қорғалды», — деп жазды Антикор.