«Қазіргі таңда өңірде 50-ден астам үш ауысымды мектеп бар. Бұл мәселесін шешу үшін мемлекеттік «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша мектептер салынады. Нәтижесінде 120 мың оқушы орны ашылады», – деді министр.
Министрдің айтуынша, кей өңірлерде үш ауысымды және екі ауысымды оқу ошақтарының түйіткілін мүмкіндігінше тарқатып, бір ауысымды мектепке айналдыру да жоспарда бар.
Сондай-ақ ол Алматы облысының білім саласына арыз-шағым көп түсетіні, бұл бағытта жұмыстар жалғасатыны туралы айтты.
Естеріңізде болса, биыл өңірдің Тамыз кеңесіне қатысқан министр «Жайлы мектеп» жобасы жайлы толық ақпарат берген еді.