11 °c
Qonaev
Вторник, 6 мая, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Мақала

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту баршамызға міндет!

by Dastan Kurmangaliyev
25.09.2024
in Мақала

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына 35 жыл толды. Ата Заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Осы уақыт аралығында қазақ тілінің қолданыс аясы артып келеді. Тіпті өзге ұлт өкілдері де мемлекеттік тілді мойындап, күнделікті қолданыста қолданады. Сонымен қатар, білім саласында да қызмет ететін этнос өкілдері бар. Дегенмен, әлі де тиісті деңгейге жете алмай жатқан тұстар да бар. Мысалы, мемлекеттік мекемелердегі құжат айналымы немесе хат алмасу процесі көбіне ресми тілде, тіпті өтініштің өзі де орысша жазылатын сәттер жиі кездеседі. Білім, ғылым саласын да қазақшалау керек. Бар ақпараттың өзі өзге тілден тікелей аударылатындықтан, қазақ тілінің нормаларына сай келмейтін тұстар жеткілікті. Байқап тұрсақ бұқаралық ақпарат құралдарына берілетін баспасөз хабарламалары да алдымен орысша дайындалады. Содан кейін ғана қазақша редакция оны аударып жазуға мәжбүр.

Ол үшін бірінші кезекте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жандандыру, тіл саясатын іске асыру, тілдің тұғыры мен мәртебесін көтеру мақсатында қолданысын дамыту мәселесін мемлекеттік мекемелер бақылауға алулары қажет. Яғни, мемлекеттік мекемелердің өзара құжат айналымы тек мемлекеттік тілінде болу қажет, қазақ тілін дамыту саясатын қолдап және осы ұстанулары абзал.

Мемлекеттік тіл – тәуелсіздікті айқындайтын басты белгілерінің бірі. Мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеру мемлекет тарапынан жолға қойылды. Қазіргі уақытта, мемлекеттік тіл мәселесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қатаң бақылауға алынып отыр. Мысалы, соттар өз тарапынан басқа мемлекеттік мекемелерге сот өндірісіне барлық хаттар мен құжаттар мемлекеттік тілде жолдану қажеттігі жайлы хаттар жолдап, қазақ тілін кеңінен пайдалану мақсатында іс-шаралар жиі өткізіп тұрады.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтығын алу үшін де қазақ тілін білу міндеттелгенін жеткізді. Одан бөлек, Қазақстанның Ата заңы мен тарих негіздерін тым болмаса қарапайым деңгейде білуі керек.

Мұндай өзгертулер жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Көші-қон мәселелері туралы» заңға енгізілді. Қазақ тілін, тарихын және Қазақстан Республикасының Конституциясын бастауыш деңгейде білмеу Қазақстан азаматтығын қабылдаудан бас тартуға негіз болады.

Ішкі істер министрлігі жаңа талаптар шетелдіктердің қазақ қоғамына тез бейімделуіне көмектеседі деп есептейді.

Заңнамадағы бұл түзетулер әлемдік практикаға сәйкес келеді.

Бір қуантарлық жайт, қазіргі уақытта, қазақ тілінің этнос өкілдері арасында қолданылу аясы артып келеді. Мысалы:

1. Білім. Қазақстандағы мектептерді қазақ тілі міндетті пәндердің қатарында. Бұл әртүрлі этникалық топтардағы балаларға қазақ халқының тілі мен мәдениетін үйренуге мүмкіндік береді.

2. Этносаралық коммуникация. Көпұлтты қоғамда қазақ тілі әртүрлі этникалық топтар, әсіресе қалалар арасындағы қарым-қатынас үшін ортақ тіл ретінде жиі қолданылады.

3. Жұмыс және бизнес. Іскерлік ортада қазақ тілін білу қазақ тілді клиенттермен өзара іс-қимыл талап етілетін мемлекеттік мекемелерде, компаниялар мен ұйымдарда жұмыс істеу үшін пайдалы.

4. Мәдениет және өнер. Басқа этникалық топтардың өкілдері қазақ мәдени іс-шараларына, фестивальдерге және дәстүрлі мерекелерге қатыса алады, бұл мәдени тәжірибе алмасуға және тіл үйренуге ықпал етеді.

5. БАҚ және Интернет. Басқа этникалық топтардың кейбір өкілдері қазақ тілін әлеуметтік желілерде, форумдарда және БАҚ-та пайдаланады, бұл да оның таралуына ықпал етеді.

Осылайша, қазақ тілі елдегі этносаралық өзара іс-қимыл мен мәдени интеграцияда маңызды рөл атқарады.

Әр елдің, мемлекеттің өзіндік ана тілі, заңмен көзделген, айқындалған мемлекеттік тілі бекітіледі, ал тілсіз мемлекет болмайды. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясының тарылуына жол беруге болмайды.  Бұл туралы, ақын, жазушы Р.Ғамзатов – «Ертең менің тілім өлсе, мен бүгін өлуге дайынмын» деген екен. Қандай керемет айтылған дана сөз.

Мемлекеттік тіл – бүкіл қазақстандықтардың тілі, бәрімізге ортақ тіл. Тіл – халықтың рухани және мәдени байлығының дамуының құралы екенін ескере отырып, қазақ тілі — еліміздің барлық азаматтарын топтастырудың мықты іргетасы болатынына және мемлекеттік тілдің болашағы зор екеніне кәміл сенеміз.

Қорытындылай келе, алдағы уақытта тілге қатысты кемшіліктерге жол берілмей, мемлекеттік тіл қолданысын дамытуға, мәртебесін арттыруға тек мемлекеттік мекемелер ғана емес, сонымен қатар барлық қазақстандықтар атсалысулары қажет.

Ұсынымдар

Ұлттық банк «Ұлы Жеңіс. 80 жыл» атты естелік монеталарын шығарады

06.05.2025

Қазақстанда кімдерге несие берілмейді: Сенатта жаңа шектеулер түсіндірілді

06.05.2025
Фото: sport.ru/

Футбол – көш басында: Қазақстанда 2024 жылы ең танымал спорт түрлері анықталды

06.05.2025
Фото: ТЖМ

Су тасқынын ғарыштан бақылайтын жаңа цифрлық сервис іске қосылды

06.05.2025

Тоқаев пен То Лам шағын құрамда келіссөз жүргізді

06.05.2025

Әлем мойындаған ЛОР-хирург Алматы облысында шеберлік сабағын өткізді

05.05.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Арнайы жоба
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz