Мамандардың мәліметінше, Оңтүстік циклонның әсерінен ел аумағында жаңбыр жауып, күн күркірейді, күн ысып, шаңды дауыл соғады.
«6-8 мамыр күндері Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінде, ал, 8 мамыр күні орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ түседі. 6-7 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысында, 7-8 мамырда Ақтөбе мен Маңғыстау облысында қатты жаңбыр жауады», — деп хабарлайды Қазгидромет.
Осы күндері еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы күндіз 23-30 градус аралығында ысиды.
«Ал, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 27-35 градусқа дейін, кей жерлерде 38 градусқа дейін ысиды», — деп хабарлайды Қазгидромет.