Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, қасиетті Құрбан айттың бірінші күні – 6 маусым, жұма күніне сәйкес келеді.
Осыған орай аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар үшін 6, 7 және 8 маусым күндері – қатарынан үш күн демалыс болады.
Ал аптасына алты күн еңбек ететіндер үшін 6 маусым (жұма) – демалыс, 7 маусым (сенбі) – жұмыс күні, ал 8 маусым (жексенбі) – демалыс күні болып есептеледі.
Құрбан айт күндері ел азаматтары мұқтаж жандарға құрбандық шалып, сауапты істермен айналысады.