2025 жылғы 5 сәуірде Астанадағы «Барыс Аренада» өткен ауқымды бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы франциялық Анауэль Нгамиссинені (14-0, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады. Бұл – оның кәсіпқой мансабындағы қатарынан 17-жеңісі (оның 12-сі нокаутпен аяқталған).
Аталған бокс кеші ақылы трансляция (PPV) арқылы көрсетілді. Егер сатылым көлемі 750 мың көрсеткішке жетсе, Жәнібектің табысы 3,5 миллион долларға дейін (шамамен 1,785 миллиард теңге) өсуі мүмкін. Ал бұл межеден асып кетсе, жалпы табысы 5 миллион долларға (яғни 2,5 миллиард теңгеден астам) дейін жетеді.
Франциялық Нгамисса да бұл жекпе-жек үшін қомақты сыйақы алды. Оның кепілдендірілген гонорары – 350 мың доллар (шамамен 178 миллион теңге). Ал PPV сатылымдары 700 мың доллардан асып түссе, ол 900 мың долларға дейін (459 миллион теңгеден астам) табыс табуы мүмкін.
Фото: ашық дереккөзден