11 °c
Qonaev
Четверг, 8 мая, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

Алматы облысында «Құмай тазы» асыл тұқымды иттер арасында іріктеу чемпионаты өтті

Алматы облысының жеті ауданынан іріктеуге 40-қа жуық ит өсіруші келді, деп хабарлайды alataunews.kz.

by
02.10.2023
in Аймақ

Бұл Алматы облысында биыл өтіп жатқан төртінші облыстық байқау. Облыстық «Арғымақ көкпар» федерациясы жетекшісінің айтуынша, бұл ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту, сондай-ақ селекционерлердің тазы тұқымын өсіруге қызығушылығын арттыру мақсатында жасалып отыр. Соның арқасында қазақ тазысын таңдайтын кинологтар көбейіп келеді. Нәтижесінде олар облыстық, республикалық байқауларға, түрлі көрмелер мен шоуларға қатысып жүр.

«Қазақ халқы ежелден «Құмай тазы» асыл тұқымды иттерді қастерлеп қана қоймай, мақтанышы, байлығы санаған. Ашаршылық кезінде халықты аң алып құтқарған осы тұқым деген аңыз бар. Құмай тазы тұқымы жойылу алдында тұрған еді, бірақ селекционерлердің, соның ішінде Алматы облысының ит өсірушілерінің арқасында бәрі орнына келді. Оның үстіне біздің өңірде осы тұқымды иттер арасындағы жарыстар кең тарап жатыр. Бұл жолы ірі халықаралық чемпионатқа іріктеу жүргізіп жатырмыз, оған тек қазақстандық өкілдер ғана емес, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанның әуесқой кинологтары да қатысады», — деді облыстық «Арғымақ көкпар» федерациясының президенті Кенже Жанбота.

Байқауға қатысқан барлық ит өсірушілердің қазақ тазысымен жұмыс істеу тәжірибесі мол. Олар тазылармен бала кезде жұмыс істегендіктен, олардың барлық әдетін, ерекшелігін жақсы біледі.

«Осы турнирді ұйымдастырушыларға рахмет. Тазыны 7 жылдан бері үйретіп жүрмін. Маған қатты ұнайды. Жарыстарға қатысып, жеңіске жету үшін үнемі тынымсыз жаттығу жасаймыз. Ежелден осы тұқымды ит киелі саналып, халқымыздың «жеті қазынасының» бірі есептелген. Қазақ отбасында жануарларды құрметтеуді жастайынан үйретеді. Кәсіби селекционерлер тазыларға қатысты өздерінің бар білімін үлкен ұлдарына береді, олар балаларына үйретеді. Осылайша, бұл ұлттық дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады», – дейді байқауға қатысушы Ержан Смағұлов.

Жарыс алты бәйге бойынша өтті. Тазылар 1 шақырым жүгіріп өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қарасай, Еңбекшіқазақ және Талғар өңірлерінің тазылары үздік деп танылды. Манат Ерғанаттың тазысы жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды Сарықұмай лақап атымен танылған Ақтілек Қадыржанның тазысы, үшінші орынды Нестер Курджидидің Ұшар атты тазысы иеленді.

Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облысының бұқаралық спорттық іс-шаралар орталығы, облыстық «Арғымақ көкпар» федерациясы.

Облыс біріншілігінің жеңімпаздары мен күміс жүлдегерлері 7 қазан күні Астанада «Асыл қазына» республикалық тазы өсіру қауымдастығы ұйымдастыратын «Қазақтың тазылары» атты халықаралық жарысқа қатысады.

Tags: Алматы облысыжарысқұмай тазы

Ұсынымдар

Қонаев қаласында Отан қорғаушыларға арналған салтанатты шара өтті

07.05.2025

Марат Сұлтанғазиев Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлерін құттықтады

07.05.2025

Ұлттық банк «Ұлы Жеңіс. 80 жыл» атты естелік монеталарын шығарады

06.05.2025

Қазақстанда кімдерге несие берілмейді: Сенатта жаңа шектеулер түсіндірілді

06.05.2025
Фото: sport.ru/

Футбол – көш басында: Қазақстанда 2024 жылы ең танымал спорт түрлері анықталды

06.05.2025
Фото: ТЖМ

Су тасқынын ғарыштан бақылайтын жаңа цифрлық сервис іске қосылды

06.05.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Арнайы жоба
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz